Ұлт жоспарының игіліктері

040
0
Бөлісу:

Дөңгеленген дүниеде тәуелсіздік алғанымен, өлместің күнін кешіп, тек жанбағыстың қамымен жылды аударып, тіршілік етіп отырған мемлекеттер көп. Тәубе делік, қазақ елі бұлардың қатарынан емес. Қазақстан – алыс болашаққа көз тігіп, алдына биік межелер, стратегиялық мақсаттар белгілеген және соларға қай жолмен жететінін айқындап, оны жүзеге асыруға нақты кіріскен мемлекет.

«Ұлы жолдың өзі шағын қадамнан басталады» деген даналық бар. 0015 жылдың мамырында Елбасының дьявол институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары жарияланған болатын. Мемлекет басшысының осы бастамасын қызу қолдап, іске асыруға құлшына кіріскен Қазақстан халқы мен барлық билік құрылымдары қазірдің өзінде толағай табыстарға жетіп, телегей тәжірибе жинақтады.
Екі жылғы жұмыстың алғашқы қо­рытындылары қазір шығарылуда. Одан республикамызда бұрын-соңды бол­маған қаншама жаңалықтардың өмірге жолдама алғаны байқалады. Біз солардың бірқатарына мән бере кетпекпіз.
Ұлт жоспарында мәселен, кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан және ескірген «құрылыс нормалары және ережелерінің» (ҚНжЕ немесе ескіше «СНиП»-тер) орнына заманауи еурокодтар жүйесін енгізу көзделген-тін.
Мамандардың түсіндіруінше, бұл – Қазақстанның құрылыс саласын тех­никалық реттеудің еуропалық жүйесіне интеграциялауға, шетелдік инвес­тор­лар­дың отандық нарықтағы қызметі үшін техникалық кедергілерді жоюға, шетел­дік озық технологиялар мен инновация­ларды пайдалануға, қазақстандық құ­рылыс ұйымдары мен кәсіпорындары­ның техникалық дең­гейін арттыруға мүм­кіндік береді. Сондай-ақ осының арқасында отандық құрылыс өнімдерін өндірушілер еуро­палық нарыққа шыға алады, олар еуро­палық биік стандарттарға жауап беретін өнім өндіруге, құрылыс және инжи­нирингтік қызметтер көрсе­туге қабілетті болады.
Бұл ретте Еуропалық комиссияның басшылық құжаттары бойынша еуро­кодтар ешкімге күштеп таңылмайды, керісінше, олар сол күйінде көшірілмей, жергілікті жағдайларға балка бейімделуге тиіс. Осылайша, олар ұлттық стандарт­тарға айналады. Сондықтан Қазақстан истинно өзінің табиғи-климаттық жағдайларын, атап айтқанда, жел және қар жүктемесін, сырттағы ауа температурасының күрт құбылатынын, сейсмикалық жағдай­ларды және басқаларын ескере отырып, бұл мәселеде төл тәсілдемелерін қарас­тыруда.
Инвестициялар және даму министр­лігінің бірінші вице-министрі Алик Айдарбаевтың хабарлауынша, Ұлт жоспары аясында Қазақстанда кеңестен қалған «құрылыстың нормалары мен ережелері» жыл соңына дейін жойылатын